2.12.2020, 11:26
Оқылды: 51

Кемшіліктер анықталды

Өткен аптада Өңірлік коммуникациялар қызметі орталық алаңында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Сатқан Төлегенов Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жүргізілген мониторингтік тексеру жұмыстарының қорытындысы туралы брифинг өткізді.

B656966E-EAE9-4887-8497-0A2AD63C1DC9

«Ана үйі” қоғамдық қоры және облыстық әкімдік мамандары мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін балалар орталықтарының қызметін бақылау жоспарына сәйкес, департамент өкілдері Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына мониторинг жұмыстарын жүргізіп, қолданыстағы заңнамалардың қолдану тәртібін тексерген.

- Аталмыш орталық әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, мәдени, педагогикалық, экономикалық және құқықтық бағыттағы қызметтің жеті түрін көрсетеді. Орталық жобаға сәйкес 70 төсек-орынмен қамтылған. Қазіргі таңда 54 қамқоршы қызмет алуда. Оның ішінде 7 бала І топтағы, 8 бала ІІ топтағы, 2 бала ІІІ топтағы мүгедек болса, 38 бала туа бітті мүгедек. Мұнда барлығы 158 маман қызмет етеді. Орталықтағы қызметтерді қадағалау үшін 52 бейнебақылау камерасы орнатылған. Қамқорлықтағы балалар оңалту және сауықтыру іс-шараларының кешенімен толықтай қамтылған. Ал скринингтік тексеру арнайы мамандармен жылына бір рет жүргізіледі. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындау мақсатында, жұқпалы аурулар белгілері бар және байланыста болған балаларға арналған оқшаулау бөлмесі де жабдықталған. Алайда медициналық қызметтер көрсетуде бірқатар кемшіліктер анықталды.

Атап айтсақ, емдеу және алдын алу іс-шараларының жоспарлары бірдей. Қызмет алушылардың жеке қажеттіліктері мен денсаулық жағдайына қарай медициналық көрсеткіштер мен жас ерекшеліктері бойынша денсаулық топтары қалыптастырылмаған, сондай-ақ баланың даму тарихын тексеру кезінде, вакцинациядан (гриппол) кейін үш күн ішінде балалар бақылауға алынбаған, – деді Сатқан Төлегенов.  

Тексеру жұмыстарының қорытындысына сәйкес, мониторингтік топ өкілдері бірқатар ұсыныстар беріп, кемшіліктерді қалыпқа келтіруді қадағалауды ұсынды.

Ләззат Шағатай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале