Еліміздегі ірі байланыс операторы Батыс Қазақстан облысындағы жаңа ғимараттарды кең жолақты интернет желісіне қосуды белсенді түрде жалғастыруда. Жыл басынан бері Орал қаласының 3 мыңнан астам тұрғыны Gigabit Passive Optical Network технологиясын пайдалана отырып, барлық заманауи цифрлық қызметке қол жеткізді.
Бұл жөнінде «Қазақтелеком» АҚ коммуникациялар департаменті хабарлады.
GPON оптикалық байланыс желісін тікелей абоненттің пәтеріне орнатуды қамтамасыз етіп, тұтынушыға бір кабель арқылы телекоммуникация қызметінің барлық спектрін алуға мүмкіндік береді. Соның ішінде жоғары жылдамдықты интернет, цифрлық телефония және интерактивті телевидение. Тұрғындарға техникалық мамандарды күтудің немесе ғимаратқа желілерді тартуға қосымша өтінім берудің қажеті жоқ, өйткені оптикалық желілер «Абай» тұрғын үй кешеніндегідей, құрылыс сатысында пәтерлерге тікелей таратылады. Қазір 200-ден астам жаңа тұрғынның бір уақытта бірнеше қызметті тұтынуға және интернетке 500 Мбит/с-ға дейінгі жылдамдықпен үзіліссіз қосылуға мүмкіндігі бар.
– Бүгіндері Батыс Қазақстан облысында жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ал біздің ірі телекоммуникация операторы ретінде міндетіміз – облыс тұрғындарын жоғары сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету және заманауи технологияларға қол жеткізу үшін қолайлы жағдай жасау. Осы мақсат жолында «Қазақтелеком» көптеген жұмыс атқаруда. Бүгінде өңірлерде GPON арқылы телекоммуникация қызметіне қосылу әлеуеті өте жоғары болып отыр. Абоненттерді қосу алдында біз техникалық мүмкіндікті егжей-тегжейлі зерттеп, бар тіректі пайдалана отырып, оптикалық желіні құру туралы шешім қабылдаймыз. Соның нәтижесінде компания «Абай» тұрғын үй кешенінің тұрғындарын интернетпен қамтамасыз етіп, облыстағы тағы 71 жаңа ғимаратты қосуды жоспарлап отыр, – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ-ның операциялық тиімділік жөніндегі бас директоры Берік Битабаров.
Жаңа технологиялар мен байланыс қызметінің сапасын абоненттердің өздері де жоғары бағалады. Солардың бірі – Азамат Үксімбаев. Жаңа үйге көшкеннен кейін, компания қызметтерін белсенді пайдаланушылардың бірі. Жаңа технология туралы көршілерінің WhatsApp чатынан білген. «Үйімізде жоғары сапалы байланыс бар, жылдамдық жоғары, бәрі тез жүктеледі. Теледидардан көптеген арнаны тамашалауға болады. Ең бастысы, пәтерге кіргеннен кейін интернет пен телевидениеге қосылу мүмкіндігі болғанына өте қуаныштымыз. Біздің үйіміз «Қазақтелеком» қызметіне қосылғандықтан, барлық көршіміз сияқты біз де алдын ала өтініш бердік. Жұмыстан шаршап келгенде отбасымызбен сүйікті фильмдерімізді тамашалай аламыз, туыстарымызбен сөйлесіп, әлеуметтік желідегі жаңалықтарды оқи аламыз», – дейді оралдық Азамат Үксімбаев.
Батыс өңірінің B2C сегментінің коммерциялық директоры Лязимай Нұржанова (фотодағы) компанияның қызмет түрлері мен тарифтерін кеңейту туралы айтты:
– Бүгінгі таңда облыста жаңа ғимараттар бой түзеуде, ал тұрғындарға жоғары сапалы коммуникациялар өте қажет. Біз онымен жұмыс істеп жатырмыз және жаңа технологияларды, атап айтқанда GPON ұсынып жатырмыз. Терминнің басындағы «Гигабит» сөзі максималды желіні өткізу дегенді білдіреді. Оптиканы мыс кабельмен салыстырғанда интернетке қосылу жылдамдығының жоғарылауымен және тұрақтылығымен сипатталады. Енді тұрғындар үшін тарифтік топтамалардың кең таңдауы бар, – дейді Л. Нұржанова.
Байланыс операторы жыл соңына дейін Орал қаласындағы Самал, Жеңіс шағынаудандары мен Бәйтерек ауданының Желаев ауылындағы 70-тен астам жаңа құрылысты талшықтыоптикалық байланыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
6 мыңнан астам азамат жылдам интернетке және цифрлық қызметтерге қосылу мүмкіндігіне ие болады.
Нұртай Алтайұлы,
«Орал өңірі»