Табиғатта кездесетін кенелердің алуан түрлері бар екендігін анықтамас бұрын, осы паразиттердің не екенін білу қажет. Бұл өрмекшітектес жәндіктер өте ұсақ, кейде микроскопиялық - 0,1-0,5 мм өлшемде болады. Кейбір 3 мм-ге дейінгі түрлері сирек кездеседі. Өрмекші сияқты кенелер де 8 аяқты болады, басы мен кеудесі бар. Олардың өмір сүру орталары әр түрлі. Олар топырақта, өсімдіктерде, суда кездеседі, жер үстіндегі және суасты кез-келген жабайы табиғат объектілеріне паразиттерді енгізе алады.
Әлемдегі кене сорттарының жалпы саны 50 мыңға жуық. Олардың ерекшелігі - олар кез келген жерде, кез келген климаттық аймақта өмір сүруге бейім.
Кененің ең көп таралған түрлері
Энцефалитті кене
Қауіпті ауруларды таратушы болып табылатын түрі энцефалит кенесі. Ол солтүстік аймақтарды ұнатады, кейде үлкен мөлшерде көбейеді.
Кене шағып алудан қашу мүмкін емес. Сондықтан орманнан серуендеп келгеннен кейін міндетті түрде шашты тарақпен тарап, киімдерді сыртқа шығарып жақсылап қағу керек. Осы әдіс арқылы кененің теріге түсуінен қорғануға болады. Егерде ол денеге жабысып алса, оны онда қолмен немесе пинцетпен жұламын деп тырысуға болмайды, басының ең үлкен және көп бөлігі тері астында қалып қояды да содан кейін ол орын қабынып кетеді. Ең тиімді тәсілдің бірі паразит орнына өсімдік майын құю. Бұл үшін мүмкіндігінше кенені ортасына алып үлкен сақина қою керек. Сақинаны толтыра май құйса, кененің тыныс мүшесі бітеліп, тұншығып өзі шығып кетеді. Кененің шаққан жерін міндетті түрде йодпен залалсыздандыру керек. Денені шаққан кенені өлтірмей, оны шыны ыдысқа салып алып, бірден жақын маңдағы лабораторияларға жеткізіп, ал өзіңіз дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз абзал.
Келесі адамға зиянды болып саналатын түрі қотырлы қышыма. Ол адамның терісін зақымдайды. Ауру адаммен қол қысып амандасқанда, және осы аурумен ауратын адамының киім-кешектерін кигенде бұл ауру жұғады. Кене өте ұсақ – 0,15-тен 0,3 мм-ге дейін.
Өрмекші тектес кене
Бұл кенелер тек адамдарға зиян келтірмейді. Өрмекші тектес кене мақта, бақша және бөлме өсімдіктеріне зиян келтіреді.
Түрі қандай болса да кенелердің бір-бірінен айырмашылығы жоқ, біреулері адамға зиян келтірсе, енді бірі жан-жануарларға (тауық, жылан, тышқан). Кейбіреулері тамақты пайдасыз қылса (пияз, ірімшік және т.б.), кейбірі ауылшаруашылық өнімдерді бұзады (қарақат, қызыл жемістерді, алмұрт және басқаларын).
Сол себепті бұл түрдің кез келгені адамға, қоршаған ортаға және тамақ өнімдеріне зиян келтіре алады. Олармен өмірде кездеспеу мүмкін емес. Кез келген адам онымен кездеседі, кейде байқамай қалуы мүмкін. Кенелерден қорғанудың бірден бір жолы қауіпсіздік шараларын қолдану.
З.Құрманғазиева,
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ БҚО бойынша филиалы
фельдшері