31.03.2026, 11:45
Оқылды: 55

Кезекті сертификаттар табысталды

Орал қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Тілдерді оқыту мен дамыту оқу-әдістемелік орталығының» тыңдаушылары қазақ тілі курсының А1, А2, В1 және ағылшын тілі курсының А, В1 кезекті деңгейін сәтті аяқтап, сертификат алды.

IMG_2343

Тыңдаушыларға орталық басшысы Шынар Капаева сертификаттар табыс етті.

IMG_2382

Қазақ тілі курсының оқытушысы - Жанар Өтепова, ағылшын тілі курсының оқытушысы - Динара Тоқтарова.

IMG_2404

Айта кетейік, аталған орталық мемлекеттік тілді жетік меңгеруге ниетті және заман талабына сай ағылшын тілін үйренгісі келетін 18 жастан асқан қала тұрғындары мен қонақтарын оқу курстарына қабылдайды.

Қатысу - тегін!

 

Айжан Бауыржанқызы,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале