14.08.2025, 17:00
Оқылды: 356

Киелі Түркістаннан ата қонысты аңсап келгендер

Кезінде Нарын құмынан Түркістанға қоныс аударған жерлестеріміздің ұрпақтары Ақжайық өңіріне келді. Олардың ата-бабалары сол кездегі саясаттың салдарынан туған жерлерін тастап, өзге өңірге еркісіз қоныс аударуға мәжбүр болған.

WhatsApp Image 2025-08-14 at 18.00.08 (2)
Еліміздің оңтүстігінен арнайы келген қонақтарды бүгін БҚО Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүжанар Шөкеева қабылдап, қош келдіңіздер айтты.

WhatsApp Image 2025-08-14 at 18.00.08 (1)
- Біздің ата-бабаларымыз Бөкей ордасы және Жаңақала аудандарын мекендеген. Кейін 1951-1953 жылдар аралығында Түркістанға қоныс аударуға мәжбүр болып, сол аймақтын Жетісай ауданына қоныстанған. Біздер бүгін жасымыз ұлғайса да ата-анамыздың жете алмай кеткен армандарын орындап, ата қонысқа табан тіреп, өмірден өткендерге зиярат етіп, бір уыс топырақ алып, әке-шешешеміздің зиратына апарып салу үшін келіп отырмыз. Қарсылап алып, құрмет көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін,-дейді Амантай Ажығұлов ақсақал.

WhatsApp Image 2025-08-14 at 18.00.09
Ақжайық өңіріне арнайы келген қонақтарды қоғам қайраткері, "Нарын қасіреті" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайролла Сабиров, тарих ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті Бақтылы Боранбаева қарсылап, облыстың тарихи орындарын аралатуда. Түркістандық қонақтар ертең Жаңақала, Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарына жол жүрмек.

"Жайық Пресс" ақпарат агенттігі

zhaikpress.kz

WhatsApp Image 2025-08-14 at 18.00.07

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале