"Балалардың, өзімнің заттарымды жинап жатырмын. Қазақстан елшілігі азаматтарды эвакуациялауды жоспарлап отыр", - деді Тұрысбекова.
Оның айтуынша, қазір Киевтегі жағдай алаңдатып отыр.
"Бізде бәрі жақсы. Бірақ бәрібір қорқынышты. Бір жерде соғыс болып жатқанын есту бөлек те, таңертеңгі сағат 6-да жарылыс дауысынан ояну мүлдем басқаша сезім", - деді ол.
Бұған дейін СІМ жағдай ушықса, Қазақстан азаматтары жедел желі телефондарына хабарласа алатынын айтқан еді: +38 067 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 044 483 15 96, +38 044 489 18 58.
Сондай-ақ, отандастарымыз Харьков (консулдық округ Харьков, Сумы және Полтава облыстарын қамтиды), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровненская, Тернопольская, Хмельницкая, Черновецкая және Львов облыстары), Одесса (Николаевская, Херсон және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан ҚР құрметті консулдарының кеңселеріне жүгіне алады.
Қазір уақытша консул есебінде 493 адам тұр, олар - елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, студенттер мен бизнес өкілдері. Тұрақты консул есебінде 1110 адам тұр. Қазақстан азаматтары Украинаның Киев, Киев, Одесса, Харьков және Львов облыстарында тұрады.