14.07.2022, 12:00
Оқылды: 37

Киік – қазақ үшін киелі жануар - Президент министрге сөгіс жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220714120329601e

Сурет: ҚазАқпарат

«Салалық министрлікке қатысты айтсақ, министрге сөгіс жариялаймын. Біріншіден, сөгіс жоғарыда айтқан кемшіліктер үшін беріліп отыр. Сондай-ақ, киіктердің келешек тағдыры туралы түсініксіз әуре-сарсаң мен пікірталас қалыптастырғаны үшін сөгіс жарияланады. Мұның бәрін қоғамдық талқылаудың осыншалық деңгейіне шығарудың қажеті не? Бұл мәселеге ұлтымыздың менталитетін ескере отырып, кәсіби тұрғыда келу керек. Шынымен де, киік – қазақ халқы үшін киелі жануар болып есептеледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент, сондай-ақ, 80 мың киікті ату мәселесі туралы пікір білдірді. «Табиғи ландшафтан 80 мың бас киікті алып қою, яғни өлтіру туралы ұсыныс енгізіліп отыр. Бірақ, басқа да тәсілдері бар шығар. Мамандармен ақылдасыңыздар. Ал бұл – ең шетін шара ғой. Мен бұл шараға да жүгінуіміз мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Бірақ, бұл – шетін шара, қайталап айтам. Бұл мәселеге кәсіби тұрғыда келу керек», - деді Мемлекет басшысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале