12.03.2024, 12:30
Оқылды: 49

Киік мүйізі табылды. Келтірілген залал 3,5 миллиард теңгеден асады

ҰҚК Жетісу облысындағы Шекара қызметі департаменті полиция органдарымен бірлесе шекара аумағында жабайы жануарлардың дериваттарын заңсыз іске асыруы күдігі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

WhatsApp Image 2024-03-12 at 12.21.32

Фото: www.gov.kz

Тінту барысында 1 382 дана киік мүйізі табылды.

Орман шаруашылық және жануарлар әлемі облыстық инспекциясының мәліметі бойынша ұсталған адамдардан мемлекетке келтірілген залал 3,5 миллиард теңгеден асады.

Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале