6.01.2023, 15:31
Оқылды: 57

Киіктерді келесі жылға дейін атуға болмайды

Келесі жылға дейін киіктерді атуға болмайды. Экология және табиғи ресурстар министрлігі осылай деді, деп хабарлайды Zakon.kz.
6

Дала жануарлары азайып бара жатыр. Сондықтан киікті атып, еті мен терісін пайдалануға мораторий 2024 жылға дейін ұзартылды.

Жауапты министрлік киік популяциясының дамуын болжап, көшіп-қонатын жолын нақтылайды.

Ақбөкендер жайылатын аумақтарды зерделеу мақсатында ғылыми зерттеу жұмыстарын жалғастыра бермек.

Айта кетейік, дүниежүзілік киік популяциясының 90 пайызы Қазақстанда мекендейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале