11.05.2022, 9:59
Оқылды: 51

Киім-кешек апарып, ауласын тазартты

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жаны риза» дегендей, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. 

IMG-20220510-WA0026

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қолұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.

Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен «Рамазан – рақым айы» атты қайырымдылық айлығы аясында колледжіміздің есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының 2-курс студенттері «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты ұранмен көп балалы және жалғызбасты ана Ботакөз Хасановаға азық-түлік, жазғы киім-кишек апарып беріп, ауласын тазалап көмек көрсетті.

Аида Байарыстанова,

ЖИТК-ның арнайы пәндер оқытушысы, 

Орал қаласы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале