15.09.2025, 16:45
Оқылды: 266

Кикбоксшы Досжан Ізден "Ақ бидай-2025" ойындарының қола жүлдегері

"Ақ бидай-2025" ауыл спорты ойындарының кикбоксинг бәсекесі қызды.

WhatsApp Image 2025-09-15 at 17.21.06 (1)

Бірнеше күнге созылған балта аяқты, балға жұдырықты спортшылар сынында да өңір спортшылары сәтті өнер көрсетті.

Шаршы алаңда 81 келі салмақ дәрежесінде Досжан Ізден ІІІ орынға ие болды.

Жартылай финалда Досжан маңғыстаулық Мәди Махмудовқа жол берді.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz.

Фото: Мейірбек Тажқұранов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале