Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына биылғы жылдың өткен кезеңінде Elicense.kz электронды порталы арқылы 995 құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама түсті. Оның ішінде 45 хабарлама (жоспардан тыс тексерістердің қорытындылары бойынша, дұрыс толтырылмауына және тағы басқа да себептерге байланысты) мемлекеттік электрондық тізілімнен алынып тасталды. Бұл туралы аталған басқарманың басшысы Азамат Ағелеуов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әңгімеледі.
– «ХҚКО ЫАЖ» электронды порталы арқылы 889 нысанды пайдалануға қабылдау актілері қарастырылды. Мемлекеттік сатып алу электронды порталы мердігерлік ұйымдардың депозитарийдің жұмыс тәжірибесіне қатысты 357 өтініш қаралды. E-Qurylys бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы техникалық қадағалаушы сарапшылардан нысандардың құрылысының жай-күйі және барысы туралы 2087 есеп келіп түсті. Биылғы жылдың өткен кезеңінде жеке және заңды тұлғалардан 628 өтініш түсті. Жоспардан тыс 80 тексеріс тағайын-далды. Соның нәтижелері негізінде бұзушылықты жоюға 57 нұсқама берілді. Жоспардан тыс тексерістердің қорытындылары бойынша 131 әкімшілік іс қозғалды. Олардың ішінен әкімшілік құқықбұзушылықтар бойын-ша 18 іс сот құрылымдарына жолданды. 31 млн 531 мың 366 теңге көлемінде айыппұл салынды, - деді Азамат Мұратұлы.
Спикер ағымдағы жылы жол құрылысы саласына ерекше назар аударылғанын жеткізді. Бүгінде аталған басқарма мамандары прокуратура құрылымдарымен бірлесіп, облыстық және жергілікті жерлердегі аутокөлік жолдары құрылыстарына (қайта құрылатын, күрделі жөндеуден өтетін) жоспардан тыс тексеріс жүргізуде. Басқарма жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша есепті кезеңде 31 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырған.
– Жол құрылысы нысандарын салу кезінде құрылыс жұмыстарының сапасының төмендігі, бекітілген жобадан ауытқушылық, белгіленген тәртіппен пайдалануға берілмеген нысандарды заңсыз пайдалануға жол беру деректері жиі кездеседі. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының БҚО бойынша филиалымен бірге жол құрылысы өнімдерінің сапасын бақылау және өрескел бұзушылықтарға жол берген адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған филиал тұрақты негізде орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының және жол құрылысы кезінде қолданылатын материалдардың сапасына зертханалық бақылау жүргізеді. Бекітілген нұсқауларға сәйкес бұзушылықтар мен сәйкессіздіктер анықталғанда, оларды жою бойынша ұсынымдар береді. Ол ұсынымдар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, бұзушы-лықтар туралы материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін басқармаға жіберіледі, – деді басқарма басшысы.
Басқарма еліміздің «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексіне сәйкес 4 істі ұйымға өз қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензиялары мен аккредитацияларынан айыру туралы шешімдер шығару үшін соттарға жолдады. «MG Designing Incrporated» ЖШС Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 312-бабының 2-бөлігі (дизайнер) – лицензияның кіші түрінен айырумен, сот шешімімен айыппұл салынды.
«Мастер Металл Пласт» ЖШС ӘҚБтК-нің 317-1-бабының 2-бөлігі (техникалық қадағалау) бойынша ісі сотта қаралуда. «АсылЖАС» ЖШС (жобалаушы) ӘҚБтК-нің 312-бабының 2-бөлігі бойынша соттың қаулысымен жауапкершіліктен босатылды. Техникалық қадағалаушы «Қабылан Эксперт» ЖШС ӘҚБтК-нің 317-1-бабының 2-бөлігі негізінде сот қаулысымен аккредиттеуден айырылды, айыппұл салынды.
Сонымен қатар 6 техникалық және сәулеттік қадағалау, сондай-ақ техникалық байқау сарапшыларының аттестаттарының қолданылуы тоқтатылды.
Басшының айтуына қарағанда, қалалық және ауылдық елді мекендердегі жерді ретсіз және өз бетінше игеру тыйылмай отыр. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша жер учаскелеріне тиісті құқығы жоқ құрылыс салудың 5 фактісі анықталды. Аталған фактілер бойынша әкімшілік құқықбұзушылық істері қозғалып, аталған ғимараттарды бұзу туралы шешім қабылдау үшін сот құрылымдарына жолданды. «Б. Момышұлы №25 мекенжайы бойынша 2 қабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылысы» ісі бойынша Ж. Қабдуловаға ӘҚБтК-ның 319-бабы негізінде сот қаулысымен ғимаратты мәжбүрлеп бұзбай, айыппұл салынды. Сот «Деркөлдегі Алтынсарин көшесі 2/1А мекенжайындағы дүкенге қосымша құрылыс салу» ісі негізінде А. Нұртазинаға ӘҚБтК-ның 319-бабы бойынша ғимаратты мәжбүрлеп бұзу және айыппұл салу туралы шешім шығарды. «Maxima LTD» ЖШС-ға «Орал-Желаево тас жолы, 20ғимарат мекенжайы бойынша жер учаскесіне газ құбыры желілерін тарту» ісі бойынша сот шешімімен құрылысты мәжбүрлеп бұзбай, айыппұл салынды. Ж. Наурызов И., Арт. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 316, 321, 463баптарымен «Ж. Досмұхамедов көшесі 33 мекенжайы бойынша 4 қабатты коммерциялық ғимарат салу» ісі бойынша заңсыз тұрғызылған құрылысты бұзу туралы ұйғарым шығарылды. И. Солтыха-новтың «К. Меңдәлиев 16 мекенжайы бойынша коммерциялық ғимарат салу» бойынша ісі сотта қаралуда.
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы құрылымдар құрылыс салушының заң талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, құрылысқа сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беруден бас тартуға міндетті. Егер нысанның құрылысы заң талаптарын бұза отырып (жобалау құжаттамасынсыз, жер учаскесіне тиісті құқығын-сыз, техникалық және сәулеттік қадағалаусыз) басталса, онда бұл нысан заңдастыруға жатпайды», – деді Аза-мат Ағелеуов.
Гүлбаршын Әжігереева,
zhaikpress.kz