2.02.2026, 15:45
Оқылды: 21

Кипрмен әуе қатынасы ашылады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеді.

_gluster_2026_2_2_84b2c85939ff7b0b507514ee97f40ea0_1280x720

Аталған жұмыс аясында «Air Astana» әуекомпаниясы Кипр Республикасының Ларнака қаласына тұрақты рейстерге билеттер сатылымын ашты.

Маусымнан бастап қыркүйек айына дейін әуетасымалдаушы Астана және Алматы қалаларынан Ларнака қаласына тұрақты рейстер орындайды.

Астанадан ұшулар 2 маусымнан 5 қыркүйекке дейін сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу ұзақтығы 5 сағат 40 минут, кері 5 сағат 5 минут.

Алматыдан рейстер 4 маусымнан 6 қыркүйекке дейін бейсенбі және жексенбі күндерге жоспарланған. Ұшу ұзақтығы 6 сағат 5 мин., кері 5 сағат 30 мин.

Барлық рейстер заманауи Airbus A321LR үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале