Тректегі велоспорттан Қазақстан командасының өкілі Кирилл Курдиди Буллеруптегі (Дания) әлем чемпионатында үздік он спортшы қатарына енді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Сурет: Olympic.kz
Ол гит бойынша сәтті өнер көрсетті (1000 метр). Осылайша спортшы әлем чемпионатының финалына шықты. Шешуші раундта Курдиди жетінші болып келіп, нәтижесінде әлем чемпионатының үздік он спортшысы қатарына енді.
Сайыста бірінші болып Харри Лаврейсен (Нидерланды) келсе, екінші орынды Джеффри Хугланд (Нидерланды) алды. Үшінші орын Джозеф Труманға (Ұлыбритания) бұйырды.