1731 жылдың 19 ақпанында Ресей императоры Анна Иоанновна Кіші жүз ханы Әбілхайырға өзін және «бүкіл халқын» қол астына алатыны туралы грамотоға қол қойғаны белгілі.
Бұл хабарды қазақтарға жеткізу және ант қабылдату үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде А.Тевкелев бастаған орыс елшілігі Кіші жүзге келеді.
Елшілікті қабылдаған Әбілхайыр қазақтардың аз ғана тобымен патшаның грамотасымен танысып, «келісімін» береді.
Осылайша, өзге сұлтандардың қарсылығына қарамастан Бөкенбай батырдың қолдауымен Әбілхайыр 1731 жылдың 10 қазанында Кіші жүздің Ресейге өз еркімен қосылғандығы жөніндегі актілік заңды құжатқа қол қояды.
Аталған құжатта сауда қатынасы, орыстарды ұстамау (тұтқындамау), өзара бейбіт қатынаста болу, әскери қамқорлық және көмек көрсету, т.б. дипломатиялық келісім шарттары жазылады.
Зұлқожа Шарафутдинов
zhaikpress.kz