4.08.2023, 11:15
Оқылды: 6

Кішкентай жанкүйер мачтан соң стадиондағы қоқысты жинады

«Ақжайық» футбол командасының «Жеңіс» командасымен болған ойыннан соң стадион іші газет беттері мен сусын құтыларына толды. Несін жасырайық, мұндай көрініс әр ойын сайын болады. Бірақ арамызда трибуна тазалығына үлкен мән беретін жан бар. Ол – мына суреттегі қарғадай бала. Өзімен бірге қоқыс салатын полиэтилен қап алып келген қаршадай бала ойыннан соң стадион ішін тазалап, сіз бен біз шашқан орындарды жинап жүр.

49eed192-365d-488f-b55d-02b7ef3541bb

Оның есімі – Әлихан. 10 жаста. Өзі де футболшы. «Жайық жастары» командасында жаттығады.

Батыр болу ерлік жасаумен шектелмейді. Отырған орнын тазалап, айналаңа үлгі болу да ерлікке пара-пар. Жарайсың, Әлихан. Сендей ұл тәрбиелеп отырған ата-анаңа рахмет.

Тағи оқи аласыз: «Жеңісті» жеңе алмады

3de13f03-4701-4779-b5cf-7a9718851e5a

- Негізі өзім жинамадым стадион ішін. Қасымда Мансұр, Нұртас және Надир деген достарым болды. Олар жиналған қоқысты арнайы жәшікке салуға төмен түсіп кетті, - деді Әлихан.

Айналайын, Әлихан, үйде өтетін келесі матчта сені сыйлық күтіп тұр.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале