23.04.2025, 21:30
Оқылды: 305

«Кітап AMANAT» жобасы аясында өткізілген апталық қорытындыланды

2024 жылғы 15 наурызда өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда жоғары оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында берген тапсырмасы бойынша 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді.

3b445a5f-5b3f-445a-998d-8deb41b45f69

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының орталық кітапханасында «Кітап AMANAT» жобасының бұрышы жабдықталған. Жоба аясында биылғы жылы алғаш рет мүшәйралар, кездесулер мен сайыстарды қамтыған апталық өткізіліп, мәдени іс-шаралардың қорытындысы «Кітап — шексіз әлем» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.

2e9fd046-ea3b-4165-a1e3-89b7330f8d13
Іс-шара барысында қатысушылар мен қонақтар көрме жұмысымен, шығармашылық алаңдармен танысты. Кітапхана келушілері қонақтарға әдеби шығармалар үзінділері мен өлең шумақтарын оқып, шағын концерттік бағдарлама көрсетілді.
Кітапханалардың модернизациядан өтуі, заманауи үлгідегі модельді кітапханаларға, комьюнити, коворкинг орталықтарына айналып, санының көбеюі қала, ауыл тұрғындарына, әртүрлі жастағы оқырмандарға жан-жақты қызмет көрсетіп, кітапханаға көптеп тартуда, бос уақытты тиімді әрі пайдалы өткізуіне, қызмет түрлерін тез әрі оңай алуына мол мүмкіндік береді.

201b47db-3fae-4f56-9dda-ea0cca512ccc
Келушілерге, оның ішінде жас буынға кітапханамен байланыс орнатып, әр бағыттағы кітаптарды таныстыру мақсатында орталық кітапхана әртүрлі іс-шаралар мен кездесулер, шеберлік сағаттарын ұйымдастырып келеді.

6e721240-d45a-4db9-95b2-436437a5faf2

«Қазіргі таңда жастардың көпшілігі, оның ішінде аға буын да бар, әлеуметтік желіге көп көңіл бөліп келеміз. Кітап оқу мәдениетіне, үрдісіне жаңа дем беру мақсатында айшықталған осы «Ұлттық кітап күні» мерекесін қолдаймыз. Партия жанынан құрылған «Кітап AMANAT» жобамыздың да мақсаты – заманауи, жастардың сұранысына ие кітаптарды әкеліп, кітапханаға келу көрсеткішін көбейткіміз келеді», - деді облыстық филиал атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев.

6e100136-d0e4-4b18-87f8-06d6b9df858f

Зарина Каирова
​​​​​​«AMANAT» партиясы
Батыс Қазақстан облыстық филиалының
баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале