Назарларыңызға кітап оқудың 30 пайдасын ұсынамыз.
- Білім аласың, жаңаны үйренесің.
- Жақсыдан үйренесің, жаманнан жиренесің.
- Көңіл көтересің.
- Уақыт пен кеңістікке саяхаттайсың.
- Өмірде күнде кеше бермейтін сезімдерді бастан өткересің.
- Қиялыңа қанат бітеді.
- Әлемге түрлі адамның көзқарасымен қарап үйренесің.
- Жанашырлық сезімің күшейеді.
- Жаңа сөз үйреніп, сөздік қорыңды байытасың.
- Күлесің, кейде көңілің босайды, әсерленесің.
- Жүйкең тынышталып, жан дүниең жайма-шуақтанады.
- Ұмыт қалған арманың, мүлгіп кеткен мақсатың оянады.
- Сезіміңді сөзбен суреттей алатын боласың.
- Әлемді танисың, өзіңді танисың.
- Уақытыңды мәнді өткізесің.
- Өмірдің кейбір сәттерін еске түсіресің.
- Әртүрлі кейіпкерлер арқылы адамның шынайы табиғатымен танысасың.
- Идеалға ұмтыласың.
- Жігерленесің, әрі шабыттанасың.
- Ғажайып әлемге еніп, күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт болса да сергіп қаласың.
- Өзіңді өзің тәрбиелейсің.
- Кейіпкерлер арқылы өзіңді және төңірегіңді түсінесің.
- Ойлау көкжиегің кеңейіп, ой түйесің.
- Балаларыңа ғажап әлемнің есігін ашасың.
- Өмірдің мүмкіндіктерін көре білесің.
- Өзіңді табасың, өмірдің мәнін табасың.
- Дене бұлшық етін спортпен шынықтырсаң, миды кітап оқумен шынықтырасың.
- Жалғызсырамайсың.
- Ойыңды еркін жеткізетін боласың.
- Жазуың түзеледі.
Шыңғыс Мұқан,
белсенді блогер, 2007-2010 жылдары «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры,
«Mazmundama» баспасының директоры