7.11.2023, 10:30
Оқылды: 74

Кітапханадағы түн қалай өтті?

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 31 қазан күні «Кітапхана түні – 2023» атты іс-шара өтті.

25a90cc9-f6f9-4020-a3f1-0c8fafd90fa3

 Университет жанындағы «Парасат» ақпараттық-білім беру орталығы ұйымдастырған шараға «DANA» орталығының басшысы Жантас Сафуллин мен саяхатшы Темірлан Мұқашев қонақ ретінде қатысты.

Университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов осы дәстүрлі іс-шараның аталған университеттің 60 жылдығымен тұспатұс өтіп жатқанын жеткізді. «Парасат» орталығының директоры Айгүл Есенаманова университеттің кітап қоры 800 мыңнан асқанын тілге тиек етті.

Бұдан соң кеш қонақтарымен кездесулер ұйымдастырылды. Коворкинг орталығында оқытушылармен және студенттермен жүздескен Жантас Нәбиоллаұлы ел тарихы, өлкетану, қазақ баспасөзі жөнінде әңгімелеп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Жастар арасында танымал батысқазақстандық блогер Темірлан Мұқашев өзінің саяхаттары туралы айтты.

«Кітапхана түні» бұдан әрі «Laysan» студиясының шеберлік сағатына, үстел және квест ойындарына, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» зияткерлік ойынына жалғасты. Қатысушылар сауалдарға толыққанды жауап қатып, түрлі сыйлықтар иеленді. Іс-шараға Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті кітапханасының кітапханашылары да қатысты.

Марлен Ғилымхан,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале