15.08.2023, 11:30
Оқылды: 28

ҚМА қызметкерлері фискалдық органдардың жалған қызметкерін әшкереледі

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚМА Ішкі қауіпсіздік департаменті елордалық экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп өзін фискалдық органдардың қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлерді ойдан шығарылған қамқорлық үшін заңсыз сыйақы беруге мәжбүрлеген азаматты ұстаған.

ЖП ақша

Жүргізіліп жатқан тергеу материалдарына сәйкес, аталған азамат кәсіпкерге моральды қысым көрсетіп, 300 мың теңге ақша талап еткен. Бұл жайт мессенджердегі хабарлама және аудиожазбалармен расталады.

Жалған қызметкер қажетті қаражаттың екінші жартысын алу кезінде парамен ұсталған.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале