Диетолог, гастроэнтеролог Нұрия Дианова кофенің қалыпты мөлшері денсаулыққа зиян емес деген пікірде. Маманның сөзінше, оған қосылатын қоспалар артық салмақ пен денсаулыққа байланысты мәселе туындауына себеп болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru" басылымына сілтеме жасап.

Фото: istockphoto.com
Дәрігер сүт пен қант қоспай қара кофе ішкен дұрыс екенін айтты. Нұрия Дианованың сөзінше, кофені ағзаға зиянсыз етіп дайындау өте оңай. Ол үшін маман қанттың орнына қант алмастырғышты, ал сиыр сүтінің орнына өсімдік тектес басқа түрлерін қолдануға кеңес берді.
Гастроэнтеролог кофенің қасына қант, қаныққан май, транс майы бар десерттер, тәттілер жиі берілетінін де айтты. Мұндай тағамдар күнделікті рационның калория көлемін арттырады және қандағы қант деңгейін жоғарылатады.
Диетолог мұндай тағамдардың табиғи, зиянсыз түрлерін тұтынуды ұсынды.