22.12.2021, 9:16
Оқылды: 20

Қоғамдық бірлестік құрылмақ

Тілшілер жаны қай күні тыныштық тапқан?! Редакциядағы қарбалас тірліктің қайнаған кезінде екі азамат есік қағып, бөлмеге енді. Айтар уәждеріне құлақ түрдік. 

8a9b55f0-5cce-4501-ab46-843cf72e7ef4

Екеуміз де ширек ғасыр ішкі істер саласында қызмет атқарып, біріміз подполковник, екіншіміз сержант шенінде доғарысқа шық­қан адамдармыз. Зейнеткер екенбіз деп жатып алмай, қоғамдық жұмысқа бет бұрып жатқан жайымыз бар. Айтпағымыз – «Германияда болған Кеңес әскерлерінің БҚО тобы» қоғамдық бірлестігі құрылып жатыр. Мен сол бірлестіктің төрағасымын. Өткен ғасырда Кеңес әскерлерінің Германиядағы тобы (ГСВГ) болды ғой, бұл соның мұрагері іспеттес, – деді өзін Ұзақбай Жақсылықов  деп таныстырған мейманымыз.

– Кешірерсіз, бұл ұйым біздің өңірден бастау алып жатыр ма?

– Жоқ, осыдан 4-5 ай бұрын Түркістан облысында құрылып, әділет құрылымдарында тіркеліп, жарғысы бекітілді. Қазірдің өзінде 500-дей мүшесі бар бұл ұйым енді республикалық мәртебе (статус) алу бағытында жұмыстануда.

– Көздеген мақсат-міндет, ой-жоспар қандай?

– Алғашқы кезекте мына жайға тоқтала кетейік. Бұл аталмыш қоғамдық бірлестікке тек Германияда ғана емес, Польша, Венгрия сияқты тағы басқа да шет мемлекеттерде әскери азаматтық борышын өтеген ер-азаматтар мүше бола алады. Әрі жасына шек қойылмайды. Келешекте олардың әскери өмірінен алынған қызықты деректер мен дәйектерді жинап, арнайы кітап шығару да жоспарлануда. Арнайы мерекелік медальдарымыз да бар.

Өмірде түрлі жағдаяттар кездеседі ғой, сол кезеңнен еленбей, не ұмыт қалып бара жатқан ерлік істер де болуы ғажап емес. Мұның бәрі кейінгі жас буынға өнеге, тәлімді тәрбие болары анық. Әзірше бұл істің басы деп ұғыныңыз, қатарымыз көбейген сайын жұмыс ауқымы да ұлғаяды, тың пікірлер де қосылады. Қоғамдық бірлестікке мүше болуға ниет танытқан жандар үшін байланыс телефонымыз: 8 777 586 1416; 8 700 728 0782, – дейді доғарыстағы подполковник Берік Сисенов.

Бақытжан Ордабаев,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале