Ертең сағат 10.00-13.00 аралығында Орал қ. № 2 халыққа қызмет көрсету бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылауды күшейту мақсатында қоғам белсенділерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау жүргізілетін болады. Азаматтар кез келген өзін толғандырған сұрақтарына жауаптар ала алады.
Қоғамдық қабылдауды жүргізетін мамандардың тізімі:
Бекарыстанов Ерген Болатұлы - "БҚО мүгедектері ерікті қоғамы" ҚБ төрағасының орынбасары;
Сатыбалдина Ғалия Камчатқызы- "ASAR-ORAL" жеке қорының басшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жанындағы БҚО арнайы мониторингтік топтың мүшесі;
Мұштанова Гүлбаршын Мақсотқызы - "Жайық таңы" ҚБ-нің өкілі;
Базылбеков Бауржан Сайранұлы - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары.