15.02.2021, 17:12
Оқылды: 41

Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

Бүгін өңір басшысы Ғали Есқалиев облыстық қоғамдық кеңес мүшелері алдында өткен жылы атқарылған істер мен алда тұрған міндеттер турасында есеп берді. Кеңейтілген отырысқа кеңес мүшелерімен қатар облыстық басқарма басшылары да қатысты.

BE0DFE14-FE35-49F4-9863-DD5DD91DA6FF

-Өткен жылдың тоғыз айлық қорытындысымен жалпы өңірлік өнім 1,9 трлн. теңгені құрады. Сонымен қатар жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіптегі өнім өндірісі 3,7% өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 0,3% артып, 176,4 млрд. теңгені құрады. Жыл ішінде 529,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бір жылда 20 мыңға жуық жұмыс орындары ашылып, 11 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жергілікті бюджетке 109,3 млрд. теңге қаражат түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 10,8%-ға өсті,- деді Ғ.Есқалиев өз баяндамасында.

75BF40C0-CFE6-4885-A312-E2E901FB6E2D

Мұнан соң өңір басшысы өнім өндіру, инвестиция тарту, агроөнеркәсіп кешені, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, құрылыс, жол салу, халықты әлеуметтік қорғау, білім мен денсаулық, спорт секілді маңызды салаларға жеке-жеке тоқталып өтті.

Мәселен, агроөнеркәсіп кешені саласы бойынша соңғы екі жылда 922 мың гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталып, мемлекетке 140 мың гектары қайтарылса, 542 мың гектар жер қайта игеріле бастаған. Ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігі өткен жылдың 3 тоқсанында 25%-ға өсіп, 1,8 млн. теңгеге дейін жеткен. Салаға салынған инвестициялар көлемі алдынғы жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсіп, 24 млрд. теңге құраған. Ал облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға бюджеттен 20 миллиардтан астам қаражат бөлінсе, оның 70%-ы агроөнеркәсіп саласын қолдауға бағытталған субсидияларға жұмсалыпты.

353555FE-C15E-4888-B3A9-BC1140D0D0EB

Аудан-ауылдардағы жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында да бірқатар жұмыстар атқарылған. Бұл сала бойынша өткен жылы 42,3 млрд. теңгеге автомобиль жолдарының 436 шақырымы жөңделген. Биыл Жәнібек пен Бөкей ордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын автомобиль жолдарын жөңделуін жалғастыру үшін республикалық бюджеттен 20 млрд. теңге бөлінген.

D13CA250-5A01-43D5-ACF7-9CE8F445CC41

Жасыссөзге қатысқан кеңес мүшелері мектептер мен балабақшаларды жөндеу, үш аусымда оқитын білім ошақтарын жою, сапалы жолдар салу, елді мекендерді көгілдір отын және сапалы ауыз сумен толықтай қамту, өзен-көлдерге су жеткізу секілді өзекті мәселелер төңірегінде ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Облыс әкімі әр сауалға тұшымды жауап қайтарып, айтылған түйіткілдерді шешу жолы қарастырылып жатқандығын жеткізді.

25EE232C-03B7-4884-BC11-FE2DAD5AECF1

Сондай-ақ кеңейтілген кеңес отырысында облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаеваның, аталған кеңес төрағасы Ербол Салықовтың есебі тыңдалды.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

 

(Кеңес отырысы туралы толығырақ «Орал өңірі» газетінің 19-шы ақпан күнгі санынан оқи аласыздар)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале