9.01.2020, 12:59
Оқылды: 77

Қоғамның рухани интеллектуалдық деңгейін көтеру көзделген

Кеңес заманында қазақ қоғамының ой пікірі деген болмады. Ойымызды еркін айта алмадық. Тәуелсіздік алғалы қазақ философиясын жаза бастадық. Ал қазақ философиясы әлем философиясына қандай жолмен шығады? Философия, даналық осының бәрі Абайда бар. Абайдың Абай болғаны оның алдындағы би, ақын-жырауларға да байланысты. Абай шығармаларында қоғамның рухани жаңғыруына керектің бәрі бар.

2020_01_09_abay

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай және ХХІ ғасыр" мақаласында ел назарын Абай Құнанбаевтың шығармашылығына аудартып, әлемдік биік тұлғаның туындалары арқылы қоғамның рухани интеллектуалдық деңгейін көтеруді көздейді. Абайдың тұлғасы, шығармашылығы арқылы бүгінгі замандағы, біздің қоғамдағы өзекті мәселелерді байланыстыра сабақтастырады.

Мақаланың маңызы неде? Абайды қалай оқу керек? Абайды жай білу, жаттап алу аз. Түсіну керек. Оны түсінсек ғана халқымыздың ілгері басуына, қоғамның рухани жаңғыруына, адамның өсіп, жетілуіне жол ашылады. Абайдың поэзиясында демократия, білім мен ғылым, кәсіп, еңбек туралы айтылады. Президент мақалада мақтан мен масылдықты да ерекше атап көрсеткен. Себебі Абай шығармашылығына арқау болған тақырыптың бірі де масылдықпен күрес. Мақалада көтерілген тағы бір мәселе - тіл. Абайдың да айрықша дәріптеген игі ісінің бірі – тіл үйрену. Мысалы Абай өзі өмір сүрген заманында орыс тілін, мәдениетін, ғылымын терең меңгерді. Тілді үйрену бізге де керек. Президент атап өткендей, өзімізден озық тұрған елмен деңгейлес болу үшін де тілді меңгерудің маңызы зор.

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясын да көрсеткен. Интеллектуалды ұлт ұғымы да Абайдан басталады. Өйткені ақын әр сөзі арқылы халқының өресін кеңейтуді мақсат етті.

Тілекжан Рысқалиев

философия ғылымдарының
докторы, профессор

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале