20.02.2018, 17:24
Оқылды: 52

Қой еті Иранға жөнелтілді

Орал қаласындағы «Кублей» ЖШС өндірген 18 тонна қой еті Иран еліне жөнелтілді. Екі күн ішінде 40 тонна ет ирандықтарға қарай жол тартпақ.

Күніне 700 бас ұсақ малдың және 505 ірі қараның етін өндіруге әлеуеті жететін зауытта күні бүгінге дейін 200 тоннадан астам мұздатылған қой еті Иранға экспортталған.  «Жыл соңына дейін ирандық компаниялармен келісімшартқа отырдық. Иранмен қатар, Ресей, Қытай елдерімен де экспорттау әлеуетін арттыруды жоспарлаудамыз. Келесі аптада осы елмен қатар, Ресейге де ет жөнелту жоспарда тұр. Жалпы зауыттың қуаты жылына 10 мың тонна қой мен сиыр етін өндіруге жетеді», - дейді серіктестіктің техникалық директоры Рахим Нағметов.

Темирболат Токмамбетов3Шет елге жіберілетін еттің сапасы халықаралық талаптарға сай болу керек. Минус 18 градуста сақталатын ет қажетті жерге жеткенше де осы температурада тұруы қажет екен.

«Мен ветеринарлық медицина саласында 22 жылдан бері еңбек етіп келемін. Австралия, Индия, Бразилия секілді тағы басқа да елдерде, Европада болдым. Қазақстанға да келіп жүрмін. Батыс өңірдегі «Кублейдің» деңгейі өте жоғары. Күні бүгінге дейін «Кублей» ЖШС-дан 250 тонна ет жөнелткен болсақ, Қазақстан бойынша 3 мың тоннаға жуық ет экспортталды», - дейді ветеринар дәрігер, доктор Бехдаш Фарух.

Темирболат Токмамбетов8Қазір облыстағы мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Мал саны артуда. Экспорттық әлеуетті пайдалану мақсатында былтыр 1736 тонна ірі қара мал еті, 505 тонна ұсақ мал, яғни қой еті экспортталған. – Мал етін экспорттау жұмыстары биыл да жалғасуда. Жыл басынан бері 347 тонна ірі қара малдың, 32 тонна қой еті экспортталды. Жалпы ірі қара мал мен қой еті Ресей Федерациясы, Армения, Белоруссия, Иран елдеріне жіберіледі. Биыл ірі қара мал етін 2420 тонна, қой етін 180 тонна экспорттау жоспарланып отыр. Облыс тұрғындары жергілікті сиыр мен жылқы, қой етінің түрлерімен қамтамасыз етілген. Құс еті өндірісі  көлемінің аздығына байланысты, негізгі бөлігі сырттан әкелінуде. Өткен жыл соңында «Жайық құс» ЖШС-де жылына 6 мың тонна ет өндіретін құс фабрикасы іске қосылған болатын. Кәсіпорын былтырғы жылдың қараша-желтоқсан айларында 200 тоннадан астам етті өндіріп үлгерді. Осы құс фабрикасының іске қосылуына байланысты құс еті импортының көлемі азаятын болады деп ойлаймыз. Бірақ нарық болғасын бағаның қалыптасуына қарай, импорт-экспорт қашанда болады, - дейді ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Халиуллин. Маманның айтуынша, елімізде мал етін экспорттаудан біздің облыс көш бастап тұр.

Ясипа РАБАЕВА,

«Орал өңірі»

Фото: Темірболат Тоқмамбетов

  28232953_809072279290858_442230542_n 28308356_809072219290864_526088159_n 28190742_809072139290872_294082382_n

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале