Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтың Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында айтты.
-Өңірдің ішкі жалпы өнімі 1,2 трлн. теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 0,6 пайызға өсті. Еліміздің ішкі жалпы өніміндегі облысымыздың үлесі 5 пайыз. Бұл көрсеткіш республика бойынша 7 орын.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Еліміздің экономикалық саясатының негізгі элементі экспортқа бағытталуы керек» деп айтқан болатын. Өңдеу өнеркәсібіндегі экспорттың көлемі 8 айдың өзінде 150 млн. АҚШ долларын құрап, 26 пайызға өсті.
Батыс Қазақстан облысы 2,5 мың тонна ет және ет өнімдерін экспорттап, қой етін сыртқа сату бойынша жоспарымыз 3 есе артығымен орындалды, - деді Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатына қатысқан БҚО әкімі Алтай Көлгінов.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!