8.12.2025, 19:40
Оқылды: 48

Көкшетауда IV республикалық ауыл жасөспірімдерінің қысқы ойындары басталды

Көкшетау қаласындағы «Бурабай» спорт сарайында ауыл жасөспірімдерінің төртінші қысқы республикалық ойындардың шырағы жағылды.

d79f69c9-09a5-4e39-ad12-7f0f0eced9de

Спорт додасының салтанатты ашылу рәсімінде Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Төлендин қатысушыларға сәттілік тілеп, бұл дода жасөспірімдердің спортқа деген ынтасын арттыра түсетінін атап өтті.

Желтоқсанның 8-і бастау алған кешенді бәсеке 13 желтоқсан күні мәреге жетеді.

9634c00a-5e86-4e4a-a2a8-0f114c51988f

Аталмыш ойындарда шайбалы хоккей, шаңғы жарысы және конькимен жүгіру секілді спорт түрлерінен сайыстар өтеді.

Бәсекеге еліміздің 11 өңірінен 2008–2013 жылдары туған жас спортшылар қатысуда.
Қысқы ойындарда 300-ден астам өрен бақ сынауда.

Спорттық жарыстар бірнеше қалада өтеді. Шайбалы хоккей сайысын Көкшетау, шаңғышылар бәсекесін Щучинск, ал конькимен жүгіруді Қостанай қаласы қабылдауда.

25f37fe9-a6ba-4376-82c9-52d4b98d05fe

Айта кетейік, ел тарихындағы алғашқы ауыл жасөспірімдерінің қысқы ойындары 2013 жылы дәл осы Ақмола облысында өткен болатын. Осы уақытқа дейін жарысқа толық құраммен қатысуға мүмкіндік болмаған Батыс Қазақстан облысының командасы биыл барлық спорт түрі бойынша сынға түспек. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен спортшылар мен делегация мүшелері қажетті спорттық киіммен қамтамасыз етілді.

e318a2eb-081b-4105-a36d-f405a591fd41

Бұған дейін өңір құрамасы үш ойынның нәтижесінде бір рет жүлдеге іліккен. Ол марапатты төрт жыл бұрын бөрлілік Мәдина Жақсылықова иеленді.
Биыл өңір спортшылары жүлде санын арттырмақ

Түгелбай Бисен
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале