11.04.2025, 17:15
Оқылды: 444

Көктемгі аллергиядан құтылу жолы қандай?

Көктемде өсімдіктер гүлдейтін маусым басталады, бұл аллергиясы бар адамдардың денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Алайда уақытылы диагностика мен дұрыс жүргізілген профилактикалық шаралар азаматтарға көмектеседі. Бұл жөнінде Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас аллерголог-иммунологы, медицина ғылымдарының докторы Таир Нұрпейісов ӨКҚ баспасөз конференциясында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

11

Фото: istockphoto.com

Оның айтуынша, көктем-жаз мезгілінде ең белсенді аллергендер – ағаштардың тозаңы мен мамығы, соның ішінде терек, қайың, қарағаш, жөке, шабындық шөптер. Ал шілде-тамызда арамшөптердің, жусан, амброзия және басқа да өсімдіктердің гүлдеу маусымы басталады.

"Алматыда ағаш түрлері өте көп, тіпті сирек жеміс беретін, бірақ соған қарамастан тозаң бөлетін субтропикалық түрлері де бар. Ауадағы тозаң концентрациясы кейбір жағдайда, әсіресе, жел күндері айтарлықтай жоғары болуы мүмкін", – деді маман.

Сонымен қатар, ол аллергияны тек тозаң емес, жыл бойы әсер ететін тітіркендіргіштер де қоздыруы мүмкін екенін айтты. Оларға үйдегі шаң, зең, үй жануарларының тері бөлшектері жатады. Сондықтан дер кезінде аллерголог-дәрігерге қаралу маңызды.

Сондай-ақ, Нұрпейісов аллергия белгілерін жай суық тию немесе ЖРВИ-ден қалай ажыратуға болатынын түсіндірді.

Маусымдық аллергия кезінде көбіне көз қышуы, түшкіру, дене қызуынсыз мұрыннан су ағуы және жыл сайын қайталанатын белгілер байқалады. Ал вирустық инфекция кезінде әлсіздік, дене қызуы және бұлшықет ауырсынуы байқалады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале