1.04.2021, 23:04
Оқылды: 45

Көктемгі қала кеспірсіз

Онсыз да үш өзеннің ортасына орналасқан Орал қаласының аумағы көктем шыға «сексен көлге» айналады. Иә, «Саясында сексен көл, иісі жұпар аңқиды-ау» деп кезінде Сәкен Сейфуллин жырға қосқан Көкше өңіріндегі әдемі сексен көлге емес, батпақты, лайлы көлшіктерге толады.  Тәуелсіздігіміздің 30 жылын атап өткелі отырған тұста бұл жылма-жыл қайталанатын көрініске айналған. Сондықтан ба, қала тұрғындарының бұған еті өліп кеткен. Жағы қарыспай айта беретіндердің нәтиже шығарып жатқаны шамалы. «Баяғы жартас – сол жартас» деп хәкім Абай айтқандай, Орал қаласының табиғат түлейтін көктемгі сүгіреті кеспірсіз. Әрине, облыс орталығы мүлдем жаңартылмайды деуден аулақпыз. Жаңа құрылыстар бой көтеруде, тіпті жаңа шағынаудан салынады деп отырмыз. Бірақ жылдағы картина біреу: суағарлары, арықтары жоқ кейбір көшенің жолдарын қар суы басады, телегей-теңіз қызыл судан көліктер де, жаяу жүргіншілер де жүре алмай қалады. ХХІ ғасырда уақыт тегершегін кері айналдырып қойған ба дейсің...

Көктемгі қала кеспірсіз3333

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 2 сәуір күнгі №26 санында белгілі журналист Гүлбаршын Дыбысқалиқызы мәселе көтереді. Ендеше, «Көктемгі қала кеспірсіз» атты мақаланы оқыңыз, оқырман!

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале