14.09.2021, 9:36
Оқылды: 33

Қола жүлдегер

Қыркүйек айының 4-11-і күндері Татарстанның астанасы Қазан шаһарында ТМД елдері арасында I спорттық ойындар өтті.

бадминтон2

Бұл халықаралық спартакиада спорттың 16 түрінен ұйымдастырылды. Оған ТМД құрамында болған тоғыз елдің өкілдері қатысты.

Спорттық додада бадминтоннан Қазақстан Республикасы құрама командасы бақ сынады. Команда құрамындағы алты спортшының екеуі – батысқазақстандық Андрей Шалагин мен Наргиза Рахметуллаева. Бадминтоннан командалық біріншіліктің қорытындысы бойынша ҚР құрама командасы 4-орынға ие болды. Ал жеке біріншіліктің нәтижесі бойынша ерлер арасынан батысқазақстандық спорт шебері Андрей Шалагин қола жүлдегер атанды.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале