25.11.2022, 15:00
Оқылды: 38

Қоластындағыларды 1,5 сағат бойы балағаттады делінген әкімнің үстінен қызметтік тергеу басталды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжановтың үстінен қызметтік тергеу бастады. Бұған дейін әлеуметтік желіде оның қоластындағыларды балағаттаған аудиосы тараған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

221124191608971e

Бұл жайында агенттіктің баспасөз қызметі ресми мәлімет таратты.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты жарияланған материалдарға мониторинг жүргізу барысында 23 қараша күні бірқатар әлеуметтік желілерде (Instagram, Telegram, TikTok) Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжановтың төрағалығымен өткен мәжілістің аудиожазбасы анықталды. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдеп бейнесіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде айқындалған. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс. Осыған орай Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аталған лауазымды тұлғаға қатысты қызметтік тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Соның қорытындысы негізінде тиісті шешім қабылданады», - деп жазылған агенттіктің мәліметінде.

Желідегі мәліметтерге қарағанда, оқиға биыл наурыз кезінде болған. Ал аудио желіде бірер күн бұрын ғана тарады.

Фото: Бәйтерек ауданының әкімдігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале