14.05.2025, 10:45
Оқылды: 207

Қолдаудың нақты нәтижесі: грант бизнестің өсуіне қалай ықпал етті

«Хамелеон» декор студиясының жобасы – шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың сәтті үлгісі.

WhatsApp Image 2025-05-14 at 11.44.39

Батыс Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламасы аясында түрлі қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, мемлекеттік кепілдіктер беру, жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу және бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік гранттар қарастырылған.

WhatsApp Image 2025-05-14 at 11.44.14

Мемлекеттік қолдаудың табысты жүзеге асырылған жарқын мысалдарының бірі – «ИП ИМАР» компаниясы іске асырған «Хамелеон» эксклюзивті декор студиясының жобасы. Мемлекеттік гранттың арқасында кәсіпорын тек ерекше жиһаз өндіру идеясын жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар өнім түрлерін де едәуір кеңейтті. Бүгінде компания тұрмыста да, бизнес саласында да сұранысқа ие әртүрлі үлгідегі трансформер үстелдерін шығарады.

WhatsApp Image 2025-05-14 at 11.43.43

Жоба аясында бес жаңа жұмыс орны ашылып, бұл жергілікті экономиканы дамытуға және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге елеулі үлес қосты. «Хамелеон» жобасы – мемлекеттің тиімді қолдауы кәсіпкерлік бастамалардың дамуына және өсуіне қалай серпін беретiнiн көрсететін айқын мысал.

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және

индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале