26.07.2024, 17:00
Оқылды: 61

Көлігімен велосипед тізгіндеген ерлі-зайыптыны қаққан полиция қызметкері қамалды

Велосипед тізгіндеген ерлі-зайыпты адамдарды көлігімен қағып, мерт қылған күдікті Ақтөбе облыстық полиция департаментінің қызметкері болып шықты. Ол қазір тергеу изоляторында отыр. Сонымен бірге 7 тәртіп сақшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

2393C6D4-D8D1-47AD-9035-6AA74CA2DEA1

Фото: Kazinform

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасынан соң жүргізушінің, яғни полиция қызметкерінің ұсталғанын, тергеу изоляторына қамалғанын хабарлады.

– Қазір соталды тергеу жұмысы жүріп жатыр. Жүргізуші қамалды. Осы оқиғадан соң қызметтік тексеру жүргізілді. Тексеруден соң 7 қызметкер, соның ішінде басшылары да қызметтен босатылды, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале