Ағымдағы жылдың 8 наурыз күні Орал қаласы, «Деповская» көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан 1988 жылғы С. есімді азаматқа тиесілі көк түсті «Фольсваген-Пассат» маркалы көлігін өзгелер айдап кеткен.
Көлігінің орнында жоғын байқап, аң-таң болған көлік иесі полицияға телефон соғып, дереу көмек сұрайды.
Полицейлердің шұғыл іздестіру шаралары нәтижесінде 1991 жылғы көлік қуғыш азамат ұсталды. Ол көлікті айдап кету фактісін мойындап, өз қолынан қолхат алынды.
Қазіргі таңда тергеу ісіне қажетті әрі мақсатты барлық құжаттар жинақталып, тергеу амалдары жүргізілуде.