8.12.2025, 15:30
Оқылды: 50

Көлік қатынасын күшейту: БҚО орталығы мен оңтүстік аудандарды жалғайтын жолдар жаңғыртылды

БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, 2023-2025 жылдары «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында облысқа 259 млрд теңге қаралды. Осы қаражат есебінен барлық деңгейдегі 1 500 шақырым автомобиль жолдары жөндеуден өтті. Соның ішінде жалпы ұзындығы 560 шақырым болатын 56 елді мекенде кіре беріс жол жөнделді.
5312275736976624497
«Облыс орталығы мен оңтүстік аудандар – Казталов, Жәнібек, Бөкей Ордасы бағытындағы көлік қатынасын жақсарту мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жалпы ұзындығы 245 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп, бұл жобаға 82 млрд теңге көлемінде қаржы бағытталды», - деді облыс басшысы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, өңірлік туристік картаның ТОП-50 нысанына енген, республикалық маңызы бар «Хан Ордасы» мұражай-қорығына апаратын ұзындығы 21 шақырым жол жөндеуден өткізілді.
2025 жылы облыс аумағында жалпы құны 8,1 млрд теңгені құрайтын 4 теміржол вокзалы жаңғыртылуда.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале