7.04.2024, 16:50
Оқылды: 68

Көлік министрлігі су тасқыны жағдайына қатысты хабарлама жасады

"7 сәуір сағат 9.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның 5 өңірінде халықаралық және республикалық маңызы бар автожолда жалпы ұзындығы 2855 км. жол бөлігін су басу фактілері тіркелді", - деп хабарлайды ҚР көлік министрлігі.

88592c79293bc47526eb564c17b56527_1280x720

Фото: www.gov.kz

Оның ішінде: 

  • Ақмола облысында 4 сәуірде ұзындығы 40-50 м, биіктігі 5-8 см«Макинск-Ақсу-Торғай» автожолын су шайып кетті; 
  • Атырау облысында «Доссор-Құлсары-Сайотес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» (101-103 км (ені - 1000 м, биіктігі 25-30 см) және (119-120 км, ені 500, қозғалыс 25-30 см);
  • Қостанай облысында ұзындығы 0-9 км, ені 100 м, биіктігі 40 см«Мариновка ауылына кіреберіс» автожолдары«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 253-254 км«Мамлютка-Қостанай» 294 км«Қостанай-Жақсы» - «Қарабұтак-Қостанай» 4 кмҚостанай қаласының қасында;
  • Павлодар облысында «Атамекен-Ертіс-Русская поляна-РФ шекарасы» а/ж 226-227 км;
  • Солтүстік Қазақстан облысында «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» 34 км.

Аталған учаскелерде көлік кептелісі тіркелмегенҚазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдарда 297 бірлік техника және 385 адам жұмылдырылған.

Қазақстандық әуежайларда су тасқыны бойынша жағдай тұрақты. Әуежайларда су тасқыны қаупі жоқ. Астана мен Семей халықаралық әуежайларында тәулік бойы кезекшілік, әуеайлақ қоршауының артындағы аумақты аралау және тексеру жұмысы ұйымдастырылды.

Республикалық теміржолдарда тасқын суларды жасанды құрылыстар, яғни көпірлер, құбырлар, таулы және су бұру арықтары арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.

Магистральдық теміржол бойында тасқын сулардың жиналуы Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының шекараларында байқалады. Осыған байланысты айналма жолдарды ұйымдастыру және су тасқыны жағдайын бақылау жөніндегі шаралар күшейтілді.

Теміржолдарды су шайып кету қаупі жоқ, барлық қауіпті жерде бақылау жұмыстарыжүргізілуде.

Атырау облысы бойынша адамдарды эвакуациялауға қатысты.

Құлсары қаласынан адамдарды эвакуациялау үшін Құлсары-Атырау станциялары арасында 5 вагоннан тұратын қосымша жолаушылар пойызы ұйымдастырылды.

Бірінші рейс 4 сәуірде 49 еріктінің сүйемелдеуімен Атырау станциясынан 21.53-те жергілікті тұрғындарға көмек көрсету үшін жіберілді. Ал 22.55-те Құлсары станциясынан 385 жолаушы, оның ішінде 99 бала эвакуацияланды. 56және 7 сәуірде тағы рейс жасақталды, нәтижесінде мыңға жуық жолаушы тасымалданды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале