18.04.2025, 12:00
Оқылды: 154

Көлік министрлігі: Жол қауіпсіздігінің алғашқы ұлттық стратегиясы әзірленіп жатыр

ҚР КМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Анар Ғабдуллина атап өткендей, стратегияның мақсаты — жолдардағы өлім-жітімді азайту. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің
баспасөз мәслихатында айтылды. 

00eab391-1ab2-4797-90bb-0cdeb9a784fd
Сурет: telegram.org

Сондай-ақ, жол құрылысы саласындағы отандық ғалымдар мен инженерлер жаңа технологияларды енгізіп жатыр: жаңа буындағы көктайғаққа қарсы реагент, жолды таңбалауға арналған органикалық еритін бояу, тұтқыр полимерлі битум дайындайтын құрылғы. «Осы жылы Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институты көпір құрылыстарын экспресс-диагностикалаудың жылжымалы жүйелерін іске қоса бастады. Технология инженерлік шешімдер қабылдауды жеделдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тарихта алғашқы рет 70-тен астам жаңа материалға далада тестілеу жүргізіледі, бұл ең тиімді шешімдерді іріктеп алуға және енгізуге жол ашады», - деді спикер.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале