14.03.2022, 16:15
Оқылды: 44

Көлік салығы: Қашан және қанша төлеу керек

Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты 2022 жылғы сәуірдің бірінен кешіктірмей төлеу керек екендігін еске салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

210422113025864a3779486i

Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен дербес есептеуге болады.

Сонымен бірге, 2022 жылдың 15 наурызынан кейін салық органдары есептелген көлік құралдарына салынатын салық сомасы «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарлама түрінде жіберілетін болады.

Бұдан басқа, бұл ақпарат kgd.gov.kz web-порталда «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейдегі банктер «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ қосымшаларында жарияланады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале