6.01.2023, 9:31
Оқылды: 39

Көлікпен сүйреген: Үндістанда әйел өліміне байланысты наразылықтар басталды

Үндістан астанасында халық наразылық акциясына қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Тhe Hindu сайтына сілтеме жасап.

1

Скутер жүргізген әйелді көлік қағып, Дели көшелерімен сүйреген.

Дели полициясының хабарлауынша, 1 қаңтарда 20 жастағы әйелдің скутері таңертең көлікпен соқтығысқан. Арнайы комиссар тобы тергеу жүргізу үшін Султанпури-Канжавала жолының учаскесіне барды. Полицияның арнайы комиссары Шалини Сингх өз командасымен Султанпуриден Канджавалға дейінгі 12 шақырымдық жолды қарап шықты,.

"Қыздың денесі қандай да бір жолмен көлікте тұрып қалып, оны шамамен 10-12 шақырым сүйреп апарған. Содан кейін бұрылыста мәйітті көліктен лақтырып тастады", – деді Дели полициясының өкілі Сагар Худа.

Дели полициясының аға қызметкері Харендра Сингхтің айтуынша, әйелдің денесі зақымдалған, киімдері жыртылған.

Көлікте болды деп болжанған бес ер адам үш күндік полиция изоляторына жіберілді. Болжам бойынша, олар мас болған.

Полицияның “бұзақылық” бойынша тергеу жүргізуі Үндістанда наразылық толқынын тудырды. Жергілікті тұрғындар күдікті қылмыскерлер үшін қатаң жаза талап ету үшін көшеге шықты. Оқиға болған аймақтағы полиция бөлімшесінің жанына жүздеген адам жиналды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале