8.08.2023, 9:30
Оқылды: 58

Көліксіз күн жоқ

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның концерт залында Көлік саласы қызметкерлері күніне арналған іс-шара өтті. Салтанатты іс-шарада саланың дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлер мен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, салалық марапаттар мен алғысхаттар табыс етілді.

День транспорта (4)

Филармонияда облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов көлік кешенінің еліміздің экономикалық дамуы барысында зор маңызға ие екеніне тоқталып, сала мамандарын төл мерекемен құттықтады.

– Баршаңызды көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің өңірге қатысты жолаушы тасымалы мен жүк тасу жұмыстары сіздердің еселі еңбектеріңіз арқылы жүзеге асуда.

Барлық маманға олардың ерен еңбегі және адал қызметі үшін алғыс айтамын. Осы саланың еңбеккерлері қол жеткенге тоқмейілсімей, табыстары арта түседі және кәсіби мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда үнемі инновациялық әдіс-тәсілдерге жүгінеді деген сенімдемін, – деді өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Т. Каюпов.

Мерекелік кеште «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС-ның аға диспетчері Зинаида Самаркина мен «УралТехСервис» ЖШС-ның механигі Еркінғали Казимовқа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі табысталса, сала ардагері Нұрлан Бекқайыр мен «Оралавтотранс» ЖШС-ның директоры Қайрат Ысқақов «Құрметті автокөлікші» төсбелгісін өңіріне тақты.  Сондай-ақ «БатысДилижанс» ЖШС-ның директоры Владимир Юркевич пен осы  серіктестіктің механигі Руслан Молдашев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің грамотасымен, «УралТехСервис» ЖШС-ның жүргізушісі Ақболат Байназаров
пен «БатысДилижанс» ЖШС-ның өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Елена Капезина министрліктің алғысхатымен марапатталды.

Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған жиында облыс басшысы мен қала әкімінің де алғысхаттары табысталды.

Түгелбай Бисен,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале