Ұзақ уақыт көлікті жылыту жанармай шығынын арттырып ғана қоймай, атмосфераға зиянды заттардың, соның ішінде көміртек тотығының бөлінуіне себеп болады. Осыған байланысты, Қазақстанда тұрғын үйлердің жанында жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен көлікті 5 минуттан артық тоқтатып қоюға тыйым салынған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сурет: inbusiness.kz
Елімізде жол қозғалысы ережелері тек жылдамдықты шектеумен ғана емес, экологияға деген әсерімен де өлшеніп отыр. Қазақстан Республикасының Жол жүрісі ережелерінің 88-бабы, 5-тармағына сәйкес, елді мекендерде қозғалтқышы қосулы көліктердің тұруы, егер ол тұрғындарға қолайсыздық туғызса, тыйым салынады.
Ережені бұзғаны үшін:
Жол қозғалысы ережелерінің 2-бөлімінің 9-тармағына сәйкес, көлік жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тағуға міндетті, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.
Бұл талапты орындамаған жағдайда 5 АЕК көлемінде айыппұл (19 660 теңге) қаралған.
Көлікті жылыту немесе қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты ұсақ құқықбұзушылықтар елеусіз болып көрінгенімен, айтарлықтай қаржылық шығындарға әкелуі ықтимал.