9.10.2023, 12:45
Оқылды: 51

Коллекциялық монеталарды заңсыз тасымалдамақ болған

 Астана қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері прокуратура және әуежайды тексеру қызметімен бірлесіп, декларация жасалмаған коллекциялық монеталарды алып жүрді деген күдікпен Қазақстанның екі азаматын ұстады.

a83756e1-12f0-46b3-9a9e-1a0cd8b62f25

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, номиналы 100 және 50 мың теңге, сондай-ақ салмағы 2 және 1 келі монеталар 999 сынамалы алтыннан жасалған.

Тәркіленген заттың алдын ала кедендік құны шамамен 85 миллион теңге.

Құқық бұзушылар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құзыретті органдарға берілген.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале