9.01.2023, 9:45
Оқылды: 46

Қолтаңба немесе  ұстаз  туралы  толғаныс

Алдына барып, сабақ алмай-ақ өнегесін көріп,  алыстан өзіне ұстаз тұтатын адамдар болады. Облыс тұрмақ, аймаққа, одан әрі республикаға аты танымал Кәрім Тәжмағамбетұлы Өтеғұловтан үлгі-өнеге алған  шәкірттері көп болар,  мен солардың бірі ғанамын. Ағаның шынымен болмысы бөлек.

InShot_20230109_093320336

Оған сонау  70-ші жылдардан бері куәмін. Есте қалған бір сәтті айтайын.

Ауыл жастары совхоз орталығы – Көктерекке (ол кезде Фурманов ауданымыз)  «танцыға»  бардық. Екі демалыста бір  би кеші болып тұратын.  Барсақ, клуб жабық. Завклуб апайдың әйелдер шақырысында отырғанын, кімнің үйінде екенін біліп алып,  кілт сұратып шабарман жүгіртсек, «Кет, қарақағынды келгірлер, клубты бүлдіресіңдер!» деп қуып жіберіпті. Шынымен солай деді ме,  демеді ме, әйтеуір, «поштабай» осылай деп келді. Сонымен, салымыз суға кетіп, ауылға қайттық,  35 шақырым жерге сартылдап, трактормен келдік.

Кешікпей аудандық газетке «Клубтың есігінде қара құлып» деген мақалам жарқ етті. Ішінде трактор да,  қонаққа кеткен апай да, «қарақағынды келгір» де – бәрі де бар. 18 жастамыз, қорқуды білмейтін кез. «Е-е,  бәлем!» деп газетті оқып мәзбіз Кировтың  «бишілері».

Кеште жұмыстан келген әкем «Ал, бәлем, сені Кәрім партком шақыртып жатыр. Қарап жүрмейсіңдер,  газетке жазған деген не бәле...» деп хабар айтты. Қорқытқан болып, жорта қабағын түйіп тұр,  әйтпесе, екеуінің әңгімелері жарасқан, дос көңілдегі адамдар  екенін  білем  ғой.

«Дариға, сын жазыпсың ғой» деп қарсы алды  аумақты  кабинетінің төрінде отырған айбарлы   партком. Басым салбырап тұрмын,  не деу керегін білем бе мұндайда. Жазғаным рас. Клубтың  құлыптаулы тұрғаны да шындық. Оны айтуға батылдық  жетпейді бірақ,  аузымды ашсам, жылап  жіберетін  сияқтымын.

Дариға  Мұштанова,

«Үзіліс»  арнайы  бетінің  қоғамдық  редакторы,

«Парасат»  ордені  мен Ы. Алтынсарин  медалінің  иегері, ҚР  Білім  беру  ісінің  құрметті  қызметкері,

ҚР  Мәдениет  саласының  үздігі

Материалдың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 7 қаңтардағы № 1-2 санынан оқи аласыздар 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале