17.11.2021, 9:43
Оқылды: 74

Қолтаңбалар «сөйлейді»...

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жү­г­і­ну тәуелсіздікке ие болған ел­дің өмірінен алатын заңды құбы­лыс. Мұның ар жағында қоғамдық сананың қалыптасуы, ұрпақ тәр­биесі сияқты үлкен міндеттер жа­тыр» деген болатын. Шынында, жа­­һандану заманында халқымыз­дың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесін, рухани құнды­лықта­рын өскелең ұрпақтың сана­сына сіңіріп, ойына дарыту, бұл ұлт­тық патриотизмді өрістетіп, хал­қы­мыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтап, танып білуге әмбебап-ғылыми кітапханасын айтар едім.

970413b3-c6fe-4bc8-9c53-c8aaecde15c5

Облыстық кітапханада еңбек етіп жүрген тәжірибелі кітапханашы ретінде оқырмандарға тың дүние ұсынып, олардың кітапханаға деген қызығушылықтарын арттырғым келді. Осы мақсатта бөлім қызметкерлерімен ақылдаса отырып, автордың қолтаңбасымен, бейнекөрінісімен көзі қарақты оқырман қауымына әсер ететін жоба дайындағым келіп, іздене бастадым. Жобаның негізі әріден басталды. 2018 жылы 16-18 ақпан күндері кітапхананың көрме залында  «Өлкетану әдебиеттері бөлімінің» апталығын өткіздік. Сол шарада қолтаңбасы бар кітаптардан құрылған «Қолтаңба сыр шертеді...» атты кітап көрмесінің таныстырылымын жасадым.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2017 жылы жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай қабылданған «Рухани қазына» бағдарламасы аясында кітапханамыз «Өткенді сақтай отырып, болашақты қалыптастырамыз» атты көшпелі кітап көрмесін ұйым-дастырып, облыстың барлық ауданын аралады. Көрменің бір бөлімі кітапхана қорындағы 1965-2017 жылдар аралығындағы  ақын-жазушылардың авторлық  қолтаңбаларымен  ұсынған  әдебиеттерге арналды.

Осы жұмыстарымды екшелей келіп, «Облыстық бас кітапханаға – авторлық қолтаңбамен» атты жаңа жобаны қолға алдым. Жобаның мақсаты – Ақ Жайық өңіріне іс-сапармен не арнайы қонақ ретінде келген сыйлы меймандарымыз – қоғам қайраткерлері, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері мен өнер майталмандарының және жерлестеріміздің қолтаңбасы қойылған кітаптарды оқырман қауымына таныстыру, автордың ыстық лебізін жеткізу болатын.

Аталмыш жобаның дүниеге келуі еліміздегі төтенше жағдайға тұспа-тұс келді. Сондықтан да алғашқы шығарылымдары – жерлестері-міз – тарихшы, өлкетанушы Ж. Ақбай, тарихшы, археолог М. Сдыков, ақын, сатирик, публицист А. Шахин өз еңбектеріне оқырмандарға қолтаңба беру сәтінен жасалған бейнебаян мен олардың өмірінен, шығармашылығынан қысқаша шолумен көрсетілді. Жоба жалғасуда.

Тарихы тереңде жатқан осынау Орал қаласына зиялы қауым өкілдері, шетелдік меймандарымыз көптеп келеді. Облыстық кітапхана Қазақстандағы ең ежелгі кітапханалардың бірі болғандықтан, олар кітапхананың қонағы болып оқырмандармен жүздеседі, қолтаңбаларын қалдырады. «Әр кітаптың өз тағдыры бар» деген нақыл сөз осы кітаптарға арналғандай. Алғашқы қолтаңбаны «Крупская атындағы Оралдың облыстық кітапханасына. Оқырманың миллиондар болсын» деп, 1965 жылы жазушы жерлесіміз Жәрдем Тілеков 1959 жылы жарық көрген «Жоңғар даласында» атты кітабына қалдырған екен. Қазақ әдебиетінің саңлақтарының бірі, ақын Ғафу Қайырбеков автографын былай жазған: «Великолепный, самый старой  и богатой библиотеке моей Республики, святому дому всех культурных, настоящих людей с благодарностью за пропаганду и моих детей – скромных книг».

WhatsApp Image 2021-11-17 at 09.37.17 (1)

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері – С. Мәуленов, Ф. Оңғарсынова, Ә. Сараи, Ә. Тарази, Ә. Кекілбаев, С. Досанов,
Қ. Бегманов,  М. Жолдасбеков, Ө. Нұрғали, Р. Сейсенбаев,  К. Салықов, К. Әмірбек және өнер саңлақтары  – А. Әшімов, Р. Рымбаева оқырмандарымызға өз қолтаңбаларын қалдырды. Орыс халқының бел-
гілі жазушысы  М. Шолоховтың, Ресейдің халық әртісі Василий Лановойдың,  ақын Белла Ахмадуллинаның да қолтаңбалары сақталған. Сондай-ақ жерлестеріміз – Х. Есенжанов, Ж. Молдағалиев, Қ. Мырзалиев, Э. Ғаббасов, тарих ғылымдарының докторы, профессор У. Шалекенов, ақын А. Бақтыгереева,  Ғ. Сейтақ, А. Таубаева, жазушы-журналист Б. Ғұбайдуллин, Н. Корсунов, А. Святыниннің т. б. өз еңбектеріне қалдырған қолтаңбаларын көре аласыздар.

Ақын, сыншы, әдебиет зерттеушісі, жерлесіміз Сағынғали Сейітов кітапханаға деген сүйіспеншілігін «Крупская атындағы кітапхананың бір кезде өзім де оқырманы болған едім. Сондағы ынтызарым әлі де суыған емес!» деп жеткізген.

WhatsApp Image 2021-11-17 at 09.37.17

Сонымен қатар қазақ өнеріне сазгерлік сырлы әуендерін тарту еткен композитор, музыка танушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Илья Жақанов «Заманымыздың құдіретті ақыны Жұбан Молдағалиев атындағы кітапхана ұжымына үлкен құрметпен ұсынамын» деп «Еділ-Жайық» кітабына, ал қазақтың белгілі жазушысы Әкім Тарази «Орал өңіріндегі оқырмандарға! Білім, мерей тілеймін!» деп «Кен» кітабына қолтаңбаларын қалдырған екен.

Бұл – әсерлі естеліктердің бір бөлігі ғана. Сан мың кітаптың алғашқы парағына әдемі әріптермен, үлкен құрметпен түзілген қолтаңбалар кітапхана сөресінде тұрғанымен, олар да «сөйлейді», оларда  ұшқыр уақыттың белгісі бар, олар да сыр шертеді және құндылығы сонда  мәңгі сақталады. Бүгінде кітапхана қорында 400-ден астам автограф коллекциясы жинақталған. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға толыға берері анық. Осындай қолтаңбалар кітапқа бірегей мінездеме берумен қатар, оған мәдени, қуатты мән қосады. Қолтаңба қалдырылған кітаптардың біздің кітапхананың кітап сақтау қорына түсуі – үлкен жауапкершілік әрі мәртебе.

P.S: «Оралдағы Надежда Константиновна Крупская атындағы облыстық кітапханасының 100 жылдығы – бүкіл мәдениетіміздің мерекесі. Мен осы кітапханаға өмір бойы қарыздар боп өтетін адамның бірімін. 1936 жылы алыстағы ауылдан келіп, осының қасиетті табалдырығын аттағанда, мен бір ғаламат жарқын дүниеге, ертегілер әлеміне кіргендей болғам. Осында әдебиеттің небір нұрлы бұлағынан сусындап, сол арқылы ақындық қияға қанат қақтым, осының залында алғашқы өлеңдерімді жаздым. Мың сан рақмет! Мен осынау мәдениет ордасына зор табыс тілеймін, халықты білім бұлағынан сусындата берсін» .                                                                                                     

Жұбан Молдағалиев,

26 қазан, 1971 жыл

WhatsApp Image 2021-11-17 at 09.37.16

 

Роза Ахметова,

Ж. Молдағалиев атындағы

 облыстық әмбебап-

ғылыми кітапханасы

өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале