Колумбияның Эль-Сулия муниципалитетінде қайғылы жағдай орын алды. Мұндағы кеніште 30 мамырда жарылыс болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үздіксіз іздеу жұмыстарынан кейін із-түссіз жоғалды деп саналған "Ла Местис" шахтасы жұмысшысының соңғы денесі табылды. Біз болған оқиғаға қатысты өкініш білдіріп, қаза тапқан 15 кеншінің отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз, – деп келтіреді ТАСС ұлттық агенттігінің хабарламасын.
Бастапқыда шахтаның ішінде тау жыныстарының құлауына байланысты онда 14 кенші қалып кетті деп хабарланған. Жарылыстан кейін тағы бір шахтер күйікпен бірден ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмады.