13.09.2023, 17:00
Оқылды: 74

Колхоздар жерлерін не үшін босатты?

1952 жылдың көктемінде Орда ауданы Батырбек ауылы жеріне келе бастаған әскерилер колхоздар үшін бос жер қалдырмай, атамекенді толықтай сынақ аймағы деп жариялады. Осыған орай 1952 жылдың 20 сәуірінен бастап колхозшылардан жерлерін босатуды талап етті.
жп дала
Осыған орай Батырбек ауылдық кеңесіне қарасты «Карл Маркс», «Сталин» және «Алғабас» колхоздары отырған жерлерін тастап шығуға мәжбүр болды.

Осылайша, «Карл Маркс» колхозынан Ұлсары Рахметова, Қатира Ажғалиева, Сұлу Биляшева, Хамит Шамақов, Латипа Нұрмұхамбетова, Қатира Омарова, Ғиза Абдрахманов, Рабиға Сабирова, Нақкүміс Нұрғалиева, Жаңыл Қабышева, Майтөк Идересова, Мәкеш Сметова, Мортақ Құлқаев, Қатим Зұлқашев, Қадеш Тақырақов, Айтжан Жекенов, Сақып Қиқымовтың отбасы мүшелері, барлығы 68 адам отырған жерлерін әскерилерге қалдырып қоныстарын босатып берді.

Сондай-ақ Батырбек ауылдық кеңесіне қараған «Сталин» колхозынан колхозшылары Жаңбыршы Жардемов, Талип Хайрлин, Асия Байединова, Құма Айдаров, Тілекен Тұралин, Жанша Исакаров, Уасила Мұқашева, Мүгіл Алипова, Хадиша Еслямова, Балел Шамашов, Зейнолла Құспанов, Тойындық Мамешева, Сапар Мұқатов, Қаламғали Зейнов, Қабаш Сабиров, Нұрым Елеусінова, Биляш Жумашев, Тауекел Оразғалиева, Ғаділ Жапаров, Жұмарыстан Мухашев, Мырзахман Кереев, Ұқыл Қаюпов, Шағыман Қожанов, Ғайни Абдоловтың отырған жерлеріде сынақ аймағына берілетін болды. Нәтижесінде «Сталин» колхозынан барлығы 83 жан колхоз жерін сынақ аймағына тастап шықты.

Сонымен қатар Батырбек ауылдық кеңесіне қараған «Алғабас» колхозы колхозшылары Құсайын Тоқашев, Нұртұяқ Кенжәлиев, Құбаш Қабатов Құбаш, Мұқсина Шапенова, Тәлай Сисенова, Нәбен Ажғалиев, Нәсіп Нұғманова, Қазима Нұрышова, Жанғаным Молдашева, Күлжан Жоламанова, Ниғымет Меңдешов, Қанафия Мәулешовалардың шаруашылықтары,  жерлері де сынақ аймағына беріліп, көшетіндер санатына жатқызылды.

Зұлхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале