22.12.2023, 9:30
Оқылды: 64

Комиссия «Дарын» мемлекеттік сыйлығының 19 жеңімпазын анықтады

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

IMG_20231222_091800_730

"Дарын" сыйлығы 1992 жылдан бастап дарынды жастарды ғылыми, шығармашылық және спорттағы жоғары жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалған.

Әр жылдары түрлі саладағы 320-дан астам азамат аталған сыйлықты иеленген болатын.

Биыл мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер 340-тан аса кандидатты ұсынды.

Оның ішінде 110 - "ғылым", 21 - "Дизайн және бейнелеу өнері", 27 - "Спорт", 49 - "Театр және кино", 12 - "Эстрада", 10 - "Журналистика", 28 - "Халық шығармашылығы", 32 - "Креативті бастамалар", 28 - "Әдебиет", 30 - "Классикалық музыка". Өтінімнің 9-ы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкес келмеді.

Өтінімдерді іріктеу бойынша отырыстар 11-15 желтоқсан аралығында өтті. Комиссия құрамына түрлі салаларда елеулі табыстарға қол жеткізген 37 қазақстандық белгілі тұлғалар кірді.

"Үміткерлердің жетістіктері мен жұмыстары жан-жақты сараланды. Әрқайсысына негізделген шешім қабылданды. 11 жүлдегердің өңірлерден келгеніне қуаныштымын. Бұл жастар үшін үлкен ынталандыру. Озық ойлы жастардың лайықты өкілдері әлі де аз емес. Біз қоғамымыздың және тұтастай еліміздің дамуына үлес қосып жүргендерді қолдап, ынталандыруымыз керек", - деді министр

Жеңімпаздарға "Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты" атағы және диплом, төсбелгі мен ақшалай сыйлық 22 желтоқсанда өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде табысталады.

Биыл сыйлықты беру ережелеріне түзетулер енгізілді.

Атап айтқанда, қатысушылар 35 жасқа дейін ұлғайтылып, "Қоғамдық қызмет" номинациясы "Креативті бастамалар" ауысты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале