Біле жүріңіз!
Еңбекші депутаттары Жаңақала аудандық атқару кеңесі 1952 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына Жаңақала ауданынан «Ленин атындағы колхоз бен Сары өзен колхоздарының 125 шаруашылығы көшіріледі» деген шешім алды.
Көші-қоңды ұйымдастыру және басқару үшін төмендегі құрамда комиссия құрылды. Олар: Бақыт Камалов - комиссия төрағасы, аудандық атқару кеңесінің орынбасары Билял Саркенов, аудандық ауыл шаруашылығы бастығы Баймухамбетов, дайындау министрлігінің аудандық өкілі Айдашев, аудандық қаржы бөлімі меңгерушісі Левин құрамында болды.
Жоғарыдағы комиссия көшетін колхоздар мен колхозшыларға үкімет қаулысы бойынша басшылық жасау, берілетін жеңілдіктер туралы үгіт-насихат жүргізу, колхозшылардың мал-жанын анықтау секілді жұмыстарды атқарулары тиіс болды.
zhaikpress.kz