Қала әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен жазғы маусымда төтенше жағдайларды жою және алдын алу бойынша облыстық комиссия отырысы өтті деп хабарлайды Орал қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Ольга Протопопова.
Орал қаласының елді-мекендерінің өрт қауіпсіздігі және суға түсу маусымдарына дайындық барысы жөнінде Орал қаласының төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Сәрсенғалиев Марлен айтып өтті.
Ормандағы, елді-мекендердегі өрттерді сөндіру, алдын алу бойынша апатты жағдайда құтқару жұмыстарын жүргізу үшін тұрғындарды, шаруашылық объектілерін және қала аумағын қорғау шараларын орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімдігімен, азаматтық қорғау қызметі басшыларымен, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларымен нақты жұмыстар жүргізілуде.
Суға түсу маусымы қарсаңында су объектілерінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық білім мекемелерінде оқушылармен судағы қауіпсіздік ережесін меңгерту сабақтары ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта халықпен кездесулер өткізу, аулаларды аралап өрттің алдын алуын насихаттау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Сонымен қатар, Орал қаласында 2017 жылда судағы төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына дайындық жөнінде жоспар құрылып, оның орындалуы қатаң бақылауға қойылды.
zhaikpress.kz